Мәдениетті жаңғырту

Санкт-Петерборда Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті

Санкт-Петерборда ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мәдени күндері аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті. Таврический сарайы - ТМД ПАА штаб-пәтерінде өткен шараны Қазақстан Республикасы Парламенті ұйымдастырды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде 30 Қараша, 11:28

Концерттік бағдарламада «Көк түріктер» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелері мен халықаралық конкурс иегерлері домбыра, жетіген, қобыз сынды ұлттық аспаптармен күмбірлете күй төгіп, әуелете ән салып көрермендерін әсем әуен құшағында тербетті.

Сондай-ақ, тәжік, қырғыз, молдова, армян халықтарының фольклорлық шығармаларымен қатар, совет композиторларының танымал әндері шырқалды. Қазақстандық өнерпаздар орындаған опералық ариялар да тыңдаушыларын тәнті етті.

Концерт соңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов өнер шеберлеріне тамаша мәдени бағдарлама үшін алғыстарын жеткізді.

Осы концертпен Санкт-Петерборда басталған парламенттік іс-шаралар өз мәресіне жетті.





Яндекс.Метрика