Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Түркия елшісі: Н.Назарбаевтың көрегендігі Қазақстанды халықаралық деңгейде биікке көтерді (ВИДЕО)

Президент Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан айтарлықтай деңгейге жетті. Түркия Қазақстанның бауырлас мемлекеті ретінде осынау жетістіктерге риясыз қуанады, дейді Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Өмер Түзел.
Астана қаласы 30 Қараша, 11:03

«Н.Назарбаевтың көрегендігі Қазақстанды халықаралық деңгейде биікке көтерді. Ол мемлекеттің алдына «Қазақстан-2030», «Қазақстан-20500» Стратегияларын міндеттеп, соңғы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында елдің даму бағытын айқын көрсетті. 20 жылы ішінде Н.Назарбаев Қазақстанды өзге елдердің 100 жылда жете алмайтын деңгейіне жеткізді», - дейді елші.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жаһандық даму жолында оң шешімдер қабылдай алатын Елбасы тек Қазақстан үшін ғана емес, жалпы әлемдік деңгейде елеулі тұлғалардың бірі.

«Қазақстан біз үшін бауырлас мемлекетер болуымен қатар, стратегиялық әріптес болып табылады. Президент Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан айтарлықтай деңгейге жетті. Түркия Қазақстанның бауырлас мемлекеті ретінде осынау жетістіктерге риясыз қуанады. Желтоқсандағы Елбасы күні мен Тәуелсіздік күні мерекелерін Түркия да белгілі бір деңгейде атап өтеді. Бұл даталар біз үшін де маңызды. Барша қазақстандықтарды Түркия мемлекетінің атынан қос мерекемен құттықтаймын», - дейді елші.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика