Адами капитал

Жас дипломаттар Тұңғыш Президент күніне орай ант қабылдады

Қазақстан Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу рәсімі шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің жас дипломаттары мемлекеттік қызметкер антын қабылдады. Жас дипломаттар Отанымызға және халыққа адал қызмет етуге, еліміздің заңдары мен Ата Заңын бұлжытпастан орындауға және мүдделерін қорғауға салтанатты түрде ант берді.
Астана қаласы30 Қараша , 10:31

ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов сәлемдеме сөзінде тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуында Елбасы Н. Назарбаевтың ерекше ролін атап өтті. Еліміздің халықаралық сахнадағы сенімді, сыйлы серіктес ретіндегі беделі, ең алдымен, Президентіміздің сарабдал және теңгерімді сыртқы саясатының арқасында мүмкін болды.

Е. Ыдырысов, сонымен қатар, сыртқы саяси мекеменің жұмысын қорытындылап, ЕАЭО құру туралы келісім шартқа қол қойылу, Еуропалық Одақпен Серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімшарт бойынша келіссөздердің аяқталуы секілді ірі жетістіктерді және т.б. атап өтті.

Сөзін қорытындылап, министр мемлекеттік қызметкер антын қабылдау жақсы дәстүр, жас мамандардың есінде қалатын кез болады деп, оларға Отанымыз үшін мінсіз қызмет етуге, біліктілік мен кәсіпқойлығын арттыруға тілегін білдірді.




Яндекс.Метрика