Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Ақтөбе облысының ауылдық жерлердегі дәрігерлерге қосымша 60 млн теңге көтерме ақы бөлінді

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысының ауылдық жерлеріне тұрақты жұмыс істеуге жіберілген жас дәрігерлерге қосымша 60 млн теңге көтерме ақы бөлінді, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе26 Қыркүйек , 19:28

«Көтерме ақы мен жеңілдікпен сатып алынатын баспанадан бөлек үстіміздегі жылы әкімшілік тарапынан бюджеттен тыс қосымша көтерме ақы ретінде ауылдық жерлерге тұрақты жұмыс істеуге жөнелтілген 30 жас маманға 60 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, облыстың денсаулық сақтау бюджеті жылдан жылға өсіп келеді. Заманауи қондырғылармен жасақталған жаңа нысандардың құрылысы саны да көбейіп келеді.

 

 




Яндекс.Метрика