Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан мемлекетінің бағыт-бағдары, белгілеген мақсаты айқын ел – Исаханов

Қазақстан мемлекетінің бағыт-бағдары, белгілеген мақсаты айқын ел, дейді Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы туралы ойымен бөлісскен Шиелі ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Исаханов.
Астана қаласы 29 Қараша, 15:58

«Қазақстан мемлекетінің бағыт-бағдары, белгілеген мақсаты айқын ел Президентіміздің бүгінгі Жолдауы әлемді шарпыған дағдарыстан, қысылтаяң күндерден қиналмай шығып, елдік мұраттарды жоғары дәрежеде іске асыру барысын тиянақтады», - дейді ардагер.

«Елдің өскенін білгің келсе, жолына қара» деген қағиданы еске алған Елбасы барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие екендігін айта отырып, жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі екендігін тағы бір байыптады. Нұрсұлтан Әбішұлының барлық аймақтарды теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуына бас мән бергендігі және де осы айтылғандардың жуық арада жүзеге асатындығына қуандық. Бұл еліміздің жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналатындығы анық», - дейді Исаханов.

Оның айтуынша, Жолдаудың «Нұрлы жол» деп айтылғандай аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырып қана қоймай, экономикалық байланыстарын нығайтады.

«Президенттің атап-атап көрсетіп, Үкіметпен жергілікті атқарушы орындарға тапсырған жұмыстары ықыласты түрде жүзеге асырылуы тиіс, сонда еліміздің қадамы мұнан да өркенді болады. Сондықтан әрбір қызметкер өз орнында тиімді жұмыс атқарып, бөлінген қаржыны өз орнында, тиімді жұмсай білуі тиіс. Ардагерлер елдің ынтымағына, ауызбірліктің мығым болуына қызмет жасайық дегім келеді», - дейді Шиелі ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.





Яндекс.Метрика