Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Беларусь елшісі: Президенттің дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықта үлкен беделге ие болды (ВИДЕО)

Президенттің дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықта үлкен беделге ие болды, деп мәлімдеді Белоруссия Республикасының Қазақстандағы елшсі Анатолий Ничкасов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 29 Қараша, 14:01

«ҚР Президентінің бір кездері алға қойған мақсаттары ақырындап орындалып келе жатыр. Тек елдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған емес, сонымен қатар республиканың әлемдік қауымдастық алдында беделін көтеруге де бағытталған дана саясаты мен Кедендік одақ елдерінің алға сүйреуші күш ретінде елдің имиджін қалыптастыруы Президенттің әлем елдері арасында үлкен беделге ие екенін көрсетеді», - дейді А. Ничкасов.

«Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикалары бір кездері дербес мемлекет бола отырып елдің жаңагша даму жолын қалыптастыру таңдауына жолықты. Осы орайда жаңа мемлекетті құруда ұстанатын саясаттың да өте маңызды болғаны анық. Уақыт өте келе бұл күрделі міндеттеме орындалды. Қазақстан мен Беларусь елдері бұл сын сағаттардан сүрінбей өтіп, қазіргі таңда алдымызға жаңаша белестерді бағындыруды мақсат етіп қойып отырмыз. Соның бірегейі Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуін көздейтін «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты», - дейді елші.

Сонымен қатар А. Ничкасов «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының қазақстандықтарды жаңаша дамуға жетелеп, дағдарыс кезінде даму мүмкіндігін пайдалануды қарастыратынын айтты.

«Н.Назарбаев әлем архитектурасының күн өткен сайын өзгеріп жатқанын баса айтып, қазақстандық экономика мен қазақстандық қоғамды ары қарай дамытуда жедел және тиімді шешімдерді атын атап, түсін түстеп берді», - дейді.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика