Өңірлер

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Бұқар-Жырау ауданының ауылдары, ауылдық округтары мен жекелеген бөлімшелерінің жас мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Қарағанды29 Қараша , 13:05

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы мен Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысына сай, мемлекеттік қызметкерлердің міндеттерінің бірі ретінде осы антты қабылдау бекітілген. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауданының ауылдары, ауылдық округтары мен жекелеген бөлімшелерінің жас мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде орындады», - делінген хабарламада.

Аудан әкімі Нүркен Қобжанов жас мемқызметшілерге қызметтік куәлік тапсырып, ант қабылдауларымен құттықтады.

«Баршаларыңызды салтанатты түрде мемлекеттік қызметкерлер антын қабылдауларпыңызбен құттықтаймын. Қашанда Отанға адал қызмет етіп, оның гүлденуі мен дамуы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізде сенім білдіремін. Қызметтік міндеттеріңізді дұрыс атқара отырып сіздерге артылған сенім үддесінен шығасыздар деп үміттенемін», - дейді әкім.

Сонымен қатар жас қызметкерлерді мемлекеттік қызмет ардагерлері де құттықтады. 




Яндекс.Метрика