Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Малайзия биотехнологиялық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық құру мүмкіндігін қарастырды

26 қарашада Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов «BiotechCorp» Малайзияның биотехнологиялар жөніндегі мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Дато Др. Мохд Назли Камалмен кездесу өткізді.
Әлемде29 Қараша , 12:04

Кездесу барысында екі ел арасында биотехнологиялар саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастығының перспективалары, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу және бірлескен коммерциялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, «BiotechCorp» корпорациясының қазақстандық контр-серіктесі «Ұлттық Биотехнологиялар Орталығымен» АҚ ұзақмерзімді әріптестік орнату мүмкіндігіне аса көңіл бөлінді.

Кездесу нәтижелері бойынша биотехнология саласында екі жақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында «BiotechCorp» корпорациясының делегациясының Қазақстанға жұмыс сапарын ұйымдастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстандық дипломат елімізде ғылымға негізделген экономиканы құру, зерттеулер мен инновацияны қолдау, интеллектуалды-инновациялық кластерді дамыту бойынша Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан жұмыс туралы және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Елбасының халыққа жолдауының басты бағыттары туралы баяндап берді.




Яндекс.Метрика