Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қырғызстан елшісі қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Қазақстанның қуатты мемлекет болып қалыптасуы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы, деп мәлімдеді Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Қырғыз Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Эсенгул Омуралиев.
Астана қаласы 29 Қараша, 11:31

«Қазақстандықтар үшін желтоқсан айы өте маңызды. Бұл айда екі ірі мереке бар: Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні. Осы екі мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтай отырып, алдағы уақытта осы қарқында беттерінен қайтпай, еңбектеріне жеміс тілеймін», - дейді Елші.

Э. Омуралиевтің айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда әлемдегі беделді мемлекеттердің біріне айналды. Осы тұрғыда Тұңғыш Президенттің орны бір төбе. «Оның көрегенді және батыл қадамдарының арқасында Қазақстан әлемдегі шиеленісті жағдайларға үкім айтатындай қуатты мемлекеттің қатарына кіріп отыр», - дейді көршілес елдің елшісі.

Сонымен қатар елшінің айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда әлем елдері тарапынан санасылатын, пікірі құрметтелетін елдердің біріне айналды. Мұның барлығы ҚР Президентінің беделі мен оның ерліктерінің арқасында.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика