Урбанизация және өңірлер дамуы

«Болашақ» университетінде Тұңғыш Президент аудиториясы ашылды (ФОТО)

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылордадағы «Болашақ» университетінде Тұңғыш Президент аудиториясы ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қызылорда 29 Қараша, 11:02

Аудиторияда 7 көрме витринасы бар. Онда Елбасының өмірі мен қызметінен хабар беретін дүниелер қойылған. Сонымен қатар Астананың құрылуы, дамуы мен халықаралық ынымақтастығына арналған стенд бар.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев университет ұжымын айтулы күнмен құттықтады. «Елбасы өзінің еңбек жолын қарапайым домна пешін балқытушы жұмысшылығынан бастаған. Осы қызметте ол 9 жыл еңбек етті. Университет студенттеріне еңбек жолында адал қызмет етуді тілеймін», - дейді өңір басшысы.

Хабарламада айтылғандай, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қуаныш Сұлтанов пен Парламент Сенатының бұрынғы депутаты, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досмамбетов Елбасымен қызмет еткен уақыттарындағы естеліктерімен бөлісті. 





Яндекс.Метрика