Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Астананы дамыту мәселесі бойынша көшпелі жиын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов орталық мемлекеттік органдарының жетекшілері, Астана мен Ақмола облысы әкімдері мен ұлттық компания өкілдерінің қатысуымен Астананы дамыту мәселесі бойынша көшпелі жиын өткізді.
Астана қаласы29 Қараша , 10:01

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шарада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу аясындағы дайындық мәселелері пысықталды.

Сонымен қатар «Астана қаласының BRT и ITS жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру мәселелері талқыланып, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сөз болды.
 




Яндекс.Метрика