Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елдің жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты – Бас прокурор

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабаралайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қараша , 10:59

Мемлекет басшысының Қазақстанға сіңірген еңбегін айта отырып Бас Прокурор Асхат Дауылбаев тәуелсіз Қазақстанның тарихы, елдің жеткен жетістіктері тікелей Елбасы Н.Назарбаевтың атымен байланысты екенін айтты.

«Қазақстан Президенті басшылығымен Қазақстан Республикасы халықаралық аренада мойындалып, заманауи саясаттың бір бөлігіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың көпқырлылығы мен жан-жақтылығы елдің егемендігін нығайтуда, елдің сыртқы және ішкі саясаттағы стратегиялық басым бағыттарын іске асыру, өңірлік және жаһандық бастамалары қоғамның көңілінен шығып, халықаралық беделге ие болды. Экономикалық және саяси қалыптасту дәуірі елдің ішкі саясатында мығым жүйені құрып, азаматтық қоғамның ары қарай дамуына берік негіз қалады», - дейді Бас прокурор.

Оның айтуынша, осы процестерде Қазақстан прокуратурасының да қосар үлесі бар. Бұл орган қазіргі таңда Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің маңызды бір бөлігі болып табылады. «Президентке бағынышты орган ретінде прокуратура Конституцияның басты өкілдерінің бірі», - дейді ведомства басшысы.

Салтанатты шара соңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. 




Яндекс.Метрика