Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның әлемдік деңгейде танылуы – Ұлт көшбасшысы даналығының көрсеткіші

Қазақстан Республикасы Президентінің көрегенді саясатының арқасында қазіргі таңда Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең түрде қатынас құрып отыр, дейді Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында БҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары Нұржан Мақсұтов.
Казахстан30 Қараша , 13:30

«Қазақстанның әлемдік деңгейде танылуы – Ұлт көшбасшысы даналығының көрсеткіші. Қазақстан Республикасы Президентінің көрегенді саясатының арқасында қазіргі таңда Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең түрде қатынас құрып отыр. Аз ғана уақыттың ішінде халықаралық беделге ие болған еліміз бүгінде өңірдегі халықаралық мәселелерге үкім айта алатындай деңгейге жетіп отыр», - дейді.

«Елбасының БҚО-на жасаған сапарында біздің барлығымызды ол кісінің адамгершілігі мен даналығы баурап алды», - дейді директор орынбасары.

Оның айтуынша, Н.Назарбаевты әлемдік қауымдастық қашаннан тарихи тұлғалардың қатарына енгізіп қойған. 




Яндекс.Метрика