Мәдениетті жаңғырту

Астанада Тұңғыш Президент күніне орай «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылды

Бүгінгі көрме Елбасының ресми бейнесінен тыс күнделікті өмірдегі жеке бас қасиеттерін көпшілікке таныстырған ерекше бір шара болып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесінің ашылуында.
Астана қаласы28 Қараша , 17:11

«Бүгінгі көрме Елбасының ресми бейнесінен тыс күнделікті өмірдегі жеке бас қасиеттерін көпшілікке таныстырған ерекше бір шара болып отыр. Менің тануымша, Елбасының ең басты қасиеттерінің бірі – Отанға деген сүйіспеншілігі. Қазақстандықтардың бүгінгі күнге жетуі мен елдің үлкен жетістіктерге  қол жеткізуі, сөзсіз, Елбасының халқына деген махаббатының көрінісі», - дейді министр.

Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жан-жақты қырларын көрсететін қызықты және тосын фотосуреттер, Мемлекет басшысының ойтолғаулары, қазақстандық отбасылармен, балалармен, қала және ауыл еңбеккерлерімен кездескен қуанышты сәттері, сондай-ақ белгілі суретшілердің портреттік еңбектері қойылған. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика