Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Тұңғыш Президент күні - Бүкілхалықтық мереке

Тұңғыш Президент күні - Бүкілхалықтық мереке, дейді Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Досбол Қамзаев.
Қарағанды29 Қараша , 15:01

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының әрбір кезеңі Елбасының атымен тікелей байланысты. Содан берігі 23 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық татулыққа селкеу түспеді. Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не¬гіздері қалыптасты», - деді Досбол Қамзаев.

Оның айтуынша, елімізде 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» шын мәніндегі бүкілхалықтық тарихы маңызы орасан зор мерекеге айналды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады.

«Елбасы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген еді.Бүгінде Қазақстанды әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата­-бабадан қалған елімізді басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!», - дейді.

 




Яндекс.Метрика