Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ю. Саяпин: Тұңғыш Президент күнін тойлау – Ұлт көшбасшысына деген құрмет

2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Бұл қазақстандықтардың Мемлекет басшысына деген құрметінен туған дата, дейді БҚО Зеленовский ауданы «Достастық үйі» директоры Юрий Саяпин Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Казахстан29 Қараша , 16:33

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің төрағалығымен 1995 жылы әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. ҚХА осы уақыт аралығында үлкен белестерді бағындырды. Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеп жатыр. Әрбір облыс орталығында достастық үйлері ашылды. 2015 жылы аталмыш ұйымға 20 жыл толғалы отыр», - дейді Юрий Саяпин.

Оның айтуынша, аталмыш аудандағы Достастық үйі жеті жылдан бері жұмыс істеп тұр. Мұнда мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты шаралар, дөңгелек үстелдер мен түрлі кездесулер ұйымдастырылады.

«Зеленовский ауданындағы Достастық үйі Ресей Федерациясындағы Озинск ауданындағы Достастық үйінің ашылуына үлгі болды. Бұл біздің дана Президентіміздің әлем елдеріне үлгі боларлық істерінің бір бөлігі ғана», - дейді «Достастық үйі» директоры. 




Яндекс.Метрика