Ұлтаралық бірлік

М.Пак: Ұлтаралық келісім – Қазақстанның басты құндылығы

Ұлтаралық келісім, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішүлының сөзімен айтсақ, Қазақстанның басты құндылығы. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында «БҚО корей этномәдени бірлестігі» төрағасы Максим Пак мәлімдеді.
Казахстан29 Қараша , 16:10

«Алда Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы келе жатыр. Жыл санап біз бейбітшілігіміз бен ынтымағымызды нығайтып келе жатқанымыз анық. Қазақстандықтардың ортақ тарихы мен руханияты біз ойлағаннан да тереңде екенін сеніммен айта аламын», - дейді Маким Пак.

Оның айтуынша, Қазақстанның бүгінгі тарихы – тек қазақтардың ғана емес, сонымен қатар өзге этностардың тарихына айналды. Жаңа тарих тәуелсіздігіміді алғаннан бастау алады. «Осы уақыт аралығында біз үлкен жолды жүріп өттік. Онда Ұлт Көшбасшысының еңбегі сіңген», - дейді.

М.Пактың пікірінше, қазақстандық халықтың этникалық тарихы мен рухани  мәдениеті айтарлықтай өзгерді. Қазірде тарихшылардың міндеті, бірқатара мемлекет қайраткерлерінің айтуынша, ұлттық тарихты біртұтас етіп бейнесін көз алдымызға әкелу.

«Халық тарих тоғысында» атты арнайы зерттеу бағдарламасын құруды ұсынуы Елбасының ұлттық тарихты біржола қолға алып біркелкі ету ойынан туындап отыр. Онда тек қазақстар ғана емес, сонымен қатар өзге де жергілікті ұлт өкілдері де Қазақстанның халқы ретінде көрінім табуына жол ашылады», - дейді кәріс этномәдени бірлестігі өкілі. 




Яндекс.Метрика