Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті мен халқы арасындағы үйлесімге таңдай қағамыз – Жогорку Кенеш депутаты

ҚР Президенті мен халқы арасындағы үйлесімге таңдай қағамыз, деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш депутаты Бахтияр Қадыров Strategy2050kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы29 Қараша , 12:33

«Қырғызстан үшін қазіргі таңда көршілес елдермен интеграциялық қатынас құру ауадай қажет. Біз біріңғай экономикалық кеңістікке ену жолында еңбек етіп жатырмыз. Әлемдік қауымдастық қазіргі таңда ірі құрлықтық бірлестіктерге бірігіп өмір сүруде. Осы орайда біздің де аталмыш интеграцияларға енуге деген қажеттілігіміз бар», - дейді Б.Қадыров.

«Біз Қазақстанда қалыптасқан Елбасы мен халықтың өзара түсіністігі мен үйлесімін жоғары бағалаймыз. Осы орайда біз де Қазақстан мен Ресей секілді ірі мемлекеттердің Президент-Парламент қатынасын өз елімізге де енгізуге мүдделіміз», - дейді көршілес елдің депутаты.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қырғызстанның экономикалық ахуалы қазіргі  таңда болашағынан үміт күттірерлік деңгейде. «Қырғызстан бір кездері Кеңес одағының да ірі қоры болғаны белгілі. Сол кезден қалған қазба байлықтар әлі де болса толық игеріліп біткен жоқ. Осы мақсатта бірлесе атқаратын көптеген жұмыстар бар», - дейді депутат.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика