«Мен біо кездері Орта Азия мен барша әлемнің назарын аударған Н.Назарбаевтың бастамаларын жақсы білемін. 1997 жылы Қазақстан «Қазақстан-2030» бастамасын көтергенде біз үшін бұл мүмкін еместей көрінген еді. Дегенмен Елбасы бастаған қазақстандықтар аталмыш идеяны тіпті уақытынан бұрын аяқтап тастады. Енді 2012 жылдан бері әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жолына түсті», - дейді Б.Қадыров.
Қазақстандық қоғамда салтанат құрған бейбітшілік, бірлік пен даналық көптеген жетістікке жетудің кілті. «Президент Н.Назарбаевтың даналығы сонда, ол кісі Қазақстанның ішіндегі мәселелерді байқап қоюымен қатар, елдің тұрақтылығынсыз ешбір елдің де экономикалық дамуға бастау бола алмайтынын біледі», - дейді Қырғызстан депутаты.
Өз кезегінде Қырғызстан үшін Қазақстанның тұрақты дамығаны да өте маңызды. Өйткені Қазақстанныың дамуы біз үшін де көмек. Қазақстанның дамуынан қырғыздар да өздерінің үлестерін алады. Сол себепті біз екі ел арасындағы достық қатынасқа қашанда мүдделіміз», - дейді.
Камила Амирова