EXPO-2017

Монако Князьдығы ЭКСПО-2017-ге қатысатынын ресми түрде бекітті

2014 жылдың 27-28 қарашасында ЭКСПО-2017 Комиссары-Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Монако патшалығына жұмыс сапарымен барды.
Әлемде 28 Қараша, 16:00

Сапар барысында сыртқы істер министрі Жозе Бадиамен, маркетинг және туризм жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Эрик Марсонмен және    «Monaco Inter Expo» атқарушы директоры Жульен  Селариомен кездесті.

Ішкі саяси ведомстводағы кездесуде Р.Жошыбаев Князь Монако Альберт ІІ-нің атына жазылған қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан шақырту-хатының түпнұсқасын тапсырды.  Өз кезегінде Жозе Бадиа Монако Князының ҚР Президентінің атына жазылған ЭКСПО-2017 көрмесіне Монаконың  қатысатындығы туралы хаттың түпнұсқасын   ұсынды. Бадиа мырза Монаконың Астанадағы көрмеге үлкен дайындықпен қатысатынын  және алаңы үлкен павильон бөліп қоюлары трулаы өтінішін білдірді.  

«Комиссар ЭКСПО-2017 комиссары Қазақстанның халықаралық бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, Монаконың көрмеге қатысатынын  ресми түрде бекіткен елдердің алғашқыларының бірі екенін атап өтті.   Кездесуде Р.Жошыбаев қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы әңгімелеп, қатысу талаптарын, павильонның орналасу жерін, оның көлемін талқылады.   Келіссөздер қорытындысы бойынша 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Князьдықтың қатысуы туралы келісімге қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деп хабарлады СІМ-де

Сонымен қатар, Франциядағы және қоса атқару бойынша Монако Князьдығындағы  ҚР Елшісі Н.Даненов қатысқан кездесулер қорытындысында ынтымақтастықты жан-жақты дамыту мақсатында тараптар Қазақстан мен Монако арасында үкіметаралық комиссия құру және тиісті келісімді дайындау жұмыстарын бастау туралы, сондай-ақ екі қайтара салық салуды жою туралы Келісім мен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға келісті.  





Яндекс.Метрика