Ең төменгі әлеуметтік стандарт

Қазақстанда орташа номиналды айлық жалақы 5,2 пайызға өсті

ҚР-да орташа номиналды айлық 5,2 пайызға өсті. Статистика мәліметтері бойынша салалық құрылыстар бойынша ең жоғарғы айлық - 217,6 мың теңгені құрайды, деп ҚР Статистика агенттігі хабарлады.
Казахстан26 Қыркүйек , 19:23

«Қазақстанда орташа номиналды айлық 2013 жылдың көрсеткіші бойынша 110 мың теңгені құрады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсіп, 0,5 пайызға төмендеді»,- деп хабарламада жазылды.

Статистика бойынша, ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібінде тіркелді, ол -217,6 мың теңгені құрады. Ғылыми-техникалық салада -214, 5 мың теңгеге тең, ал қаржылық қызмет саласында ол – 195 мың теңгені құрайды.  

Ең төмен жалақы ауылдық тұрғындарда тіркелді. Ол орман және балық шаруашылығында 56 мың теңге, яғни ол орташа көрсеткіштен 49,2 пайызға төмен.

Атырау облысында – 204,5 мың теңге, ол 1,9 есеге орташа республикалық көрсеткішті құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемі 73,1 мың теңгені құрады, ол орташа көрсеткіштен 33,6 пайызға төмен.

 




Яндекс.Метрика