«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында қаржыландырудың қажетті көздері бар нақты жобалар салынған – Е.Досаев

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ мүшелерінің жұмыс сапары барысында Алматы қаласының активімен және «Қазақтелеком» АҚ коллективімен кездесті, деп хабарлады ведомство.
Алматы қаласы28 Қараша , 16:18

« Ерболат Досаев «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Алматы әкімімен Алатау ауданындағы Алғабас кентінде бой көтерген үйлерден пәтер кілтін табыстау салтанатты шараға қатысты», - делінген хабарламада.

«Мемлекет басшысының осы жолдауы сыртқы нарықтағы конъюнктураның нашарлауы жағдайында экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру  үшін ерекше мәнге ие», - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Ұлттық қордың жаңа инвестициялары экономиканы одан әрі қайта жаңартуға бағытталады, ең алдымен – көлік, энергетика, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті дамытуға»,- деп айтты ҚР Ұлттық экономика министрі.

«Инфрақұрылымды дамыту ішкі сұраныстың өсуіне ықпал етіп, жаңа өндірістердің дамуына, бизнес пен халық үшін іскерлік байланыстар мен жаңа мүмкіндіктерді арттыруға, өңірлердің экономикалық интеграциясына қолайлы жағдай туғызатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр», - деп тусіндіріп өтті Ерболат Досаев.

«Жолдауға қаржыландырудың қажетті көлемдері мен көздері бар нақты жобалар салынған», - деп айрықша атап өтті Ерболат Досаев.

 

 




Яндекс.Метрика