Білім беру

Ұлттық қор есебінен 36 балабақша салынады - Сәрінжіпов

Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдар аралығында 36 балабақша салынады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында.
Астана қаласы28 Қараша , 15:49

 «Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдар аралығында 30 балабақша салынады. Бұл республикалық бюджеттен анықталған 20 млрд теңгеге қосымша. Қазіргі таңда ЖАО-мен бірге облыс пен елді мекендерді дамытуда мектепке дейінгі ұйымдар құрылысы бойынша жобалар тізімі жасалды. Жобалар Астана мен Алматы қалалары және облыстарының мақсатты трансферттері аясында жүзеге асырылады», - деп мәлім етті министр. 

Соған байланысты А.Сәрінжіпов ЖАО-ға мектепке дейінгі ұйым желісін кеңейту үшін бизнес-құрылымдарды тарту жұмыстарын жандандырды тапсырды. 

«Мемлекет басшысы атап өткендей, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кеңейтуде МЖС механизмдерін белсенді түрде қолдану керек. Және «Балапан» бағдарламасы есебінен мектепке дейінгі ұйымдар құрылысына жеке инвесторларды да тарту қажет», - деді   министр.

Өз кезегінде білім және ғылым министрі атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстанда 8,5 мыңнан астам мектепке дейінгі білім және тәрбиемен айналысатын ұйым бар, оған барлығы 734 бала барып жүр. «Қазіргі таңда 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту көсеткіші   77% құрап отыр», - деп аяқтады А. Сәрінжіпов.

Еске салсақ, Алқа отырысының күн тәртібінде 3 мәселе талқыланды. Бұл білім мен ғылым саласындағы жаңа стратегиялық бағыттар, ҮИИДМБ аясында кадр дайындау мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мен ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін коммерциялау. 

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика