Инфрақұрылымның дамуы

Тұңғыш Президент күні қарсаңында 408 алматылық отбасы қоныс тойын тойлады

Бүгін Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 408 алматылық отбасы пәтер кілттеріне ие болды. Салтанатты шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Алматы қаласы28 Қараша , 17:18

Мегаполис басшысы жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, әлеуметтік жағдай мәселесі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жолдауының негізіне кіргенін және мемлекет басшысының саяси бағытының басым бағыттарының біріне айналғанын  атап өтті. 

«Бұған дейінгі қиын кезең, қоғамдағы толқулар, босап қалған дүкен сөрелері  аға буынның естерінде шығар.  Ал қазір Қазақстан әлемдегі тұрақты дамып келе жатқан елдердің бірі, көптеген халықаралық жобаларға бастама жасаушы. Елде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы әзірленді. Барлығы 408 отбасы аталмыш бағдарлама бойынша пәтерге ие болды. Алдымен пәтерлерді әлеуметтік сала мамандары, мүгедектер, жетім балалар алды», - деді Ахметжан Есімов.

Әкім «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыда ағымдағы жылы 1600 отбасы пәтер алды. 

«Барлығы қала бойынша биыл 1 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй енгізіледі, 10,5 мың алматылық отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Қала тарихында мұндай бұрын болмаған», - деді   Ахметжан Есімов.




Яндекс.Метрика