«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстандық эволюциялық экономикалық даму – дағдарысты еңсерудің ең ұтымды жолы-сарапшы

Елбасы өзінің биылғы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында алдымызда экономикалық дағдарыстың келе жатқанын айтып, оны еңсерудің жолын аталмыш Жолдауда соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп берді, деп мәлімдеді бүгін Тұңғыш Президент күніне арналған Астана әлеуметтану форумында ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Серік Сейдуманов.
Астана қаласы28 Қараша , 15:34

«Елбасы өзінің биылғы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында алдымызда экономикалық дағдарыстың келе жатқанын айтып, оны еңсерудің жолын аталмыш Жолдауда соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп берді. Эволюциялық экономикалық дамудың қазақстандық моделі қазіргі дағдарыс жайында жаһандық сын-қатерлерге берілген ұтымды жауап. Араб әлемі мен посткеңестік елдердегі дағдарысты жағдайда Қазақстанның қазіргі ұстанған экономикалық саясаты қазірден бастап өзінің оң бағытта екенін дәлелдеуде», - дейді профессор.

Оның айтуынша, Елбасы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасқан алғашқы жылдарынан бастап ұзақмерзімді саясатынан жаңылмай, жалпыұлттық идеяға айналатын стратегиялық бағдарламалар қабылдай білді.

«Атап айтар болсақ, тәуелсіздік алғашқы жылдарындағы мемлекеттік қалыптасу стратегиясы мен  1997 жылы жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиялық құжаты уақытынан бұрын орындалып, еліміз қазіргі таңда қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену Стратегиясын қабылдады. Осы орайда біздің, әлеуметтанушылардың, қоғамды бір идея айналасына шоғырландыру мен жұмыла жұмыс істету тұрғысынан мойнымызға үлкен міндет түседі», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Астана әлеуметтану форумы өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отырған шарада отандық және шет елдік әлеуметтанушылар ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі міндетте емелерін іске асыру жолдарын талқылады. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика