Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Біздің жетістігіміз- Елбасының еңбегі – оқушы

Біз, бейбіт өмір, тәуелсіз мемлекеттің тумаларымыз. Жарық дүниеге келгелі аста-төк байлық пен бейбітшілік, ымырашылдықтың куәсі болып келеміз. Санамыздың өсуіне барлық жағдайлар жасалған, деді Қарағанды облысы Н.Крупская атындағы орта мектептің 5-А сынып оқушысы Ділназ Темірғали.
Казахстан28 Қараша , 18:17

« Мектепте  де  үйде де   жаңа  технологияларды  пайдаланудамыз.  Заман   көшіне  ілесу  үшін  озық  мемлекеттерден  үлгі  алу  керек  болса,   біз  сол  өркениетті мемлекеттердегі  жаңалықтарды  интернет  арқылы  танып-білудеміз.  Өнерлі  өрендер   еліміздің  түкпір-түкпірінде  өтіп  жатқан   байқауларға  қатысса,  үздік, озат  оқушыларымыз  әлемдік  жүйріктер  қатысатын  білім  бәсекелерінде  бақ  сынауда.  Бұл   біздің  мемелекетіміздің  жетістігі», - деді ол.

 Ол атап өткендей, бөбектер, балалар,  оқушылар  заман  талабына  сай  заманауи  технологиялармен  жабдықталған,  мүмкіндігі  зор  балабақшалар  мен  мектептерде  тәрбиеленуде.  

«Міне,  осындай  салтанатына  сәні  жарасқан,  ой-санамыздың   дамуына   үлкен  үлес  қосатын  жақсы  ғимараттар  мен  бағдарламалардың  жүзеге  асуына   ықпал еткен  ел ағасы  Нұрсұлтан  ата  екенін  мақтанышпен  айта  аламыз.  Біздің  жетістігіміз- Елбасының  еңбегі.  Арқамыздан  қағып,  маңдайымыздан  өбіп,  жаңа  жетістіктерге  жетуге  ұмтылдырған,  қанаттандырған Елбасымыз  барда  тек  алға  самғай  бермекпіз», - деп білдірді өз ықыласын оқушы.

 




Яндекс.Метрика