Өңірлер

Елінің өркендеуін көздеген Елбасымыз жыл сайын жаңа бағдарламалар енгізуде – Аманқұлова

Ұлтымыздың болашағының жарқын болуын көздеген Елбасының сындарлы саясатының жемісін қарапайым халық көруде. Тәуелсіздік алғалы өткен жиырма жылдан артық жылдардың алдыңғы жылдарымен салыстырғанда бүгінгі күніміз тайға таңба басқандай анық әрі айқын,деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының кәсіпкері Г.Аманқұлова.
Қарағанды28 Қараша , 16:03

«Алғашқы  жылдары    қиналғанымыз  рас. Айқын  жол, алып  бастамаларды  ұсынған  Елбасымыз   қазақ елінің  экономикасы мен  әлеуетінің  дамуына   бар  күш- жігерін  сарп  етті.  Әлемді  қазақ  деген  ел  бар екенін   жер  бетіндегі  барлық  мемелекет  таныды.  Бұл  біздің  Елбасымыздың  көрегенділігінің  арқасы. Қазақ  елі  ішкі  және  сыртқы   саясатты   ұстана  отырып, ұлттар  мен  ұлыстар  достығын  нығайта  отырып,  бейбітшілік  пен  келісім  аясында   алға  қарышты  қадам  басуда», - деді ол.

Елінің  өркендеуін  көздеген  Елбасымыз  жыл  сайын жаңа  бағдарламалар  енгізіп,  сол арқылы   халықтың  тұрмысының  түзелуін  қамтамасыз  етуде.  Біздің   ауданымызда  да  ауылдарымызда  да алға  ілгерлеушілік   басым. Ел  қамын  ойлаған  Елбасының   басым  бағыттарды  межелеген  бағдарламаларының  бірі   бұл  ауылдарда   аудандарда   жаңа  бизнес  бастамаларына   қолдау  көрсету.  Осы  бағдарламалар  аясында   ауалдарда  шаруа   қожалықтары   іргесін  кеңге  салып,  асыл  тұқымды  мал  алып,  жем-шөп  даярлайтын  техникалар  алып,  шаруа  қожалықтары өркендеуде.

«Мен  де   биыл  бизнесін  жаңадан  ашатын  кәсіпкерлерге  қаржылай  грантпен  қолдау   көрсету  механизмі  бойынша   облыс  әкімі   грантының  иегері  атандым.  Ұсынылған  жоба  бойынша  полистерол  бетон  шығару  цехын  салуды  қолға  алмақпын.  Ауданымыз  жыл  сайын  өркендеп  келе  жатыр.  Аудан  халқының  әл-ауқатының  жақсарғанын   зәулім-зәулім  үй  салып,  ғимараттар  ашқанынан- ақ  білуге  болады.  Құрылыс  саласы  қарқынды  дамып  келе  жатқан  біздің  ауданға  біз шығарайын  деп  отырған полистерол бетоны өте  қажет», - деді ол.  

«Жағымды  жаңалықтарға  толы   әр  жылдағы   біздерге   көрсетілген  қамқорлық  пен қолдау  ол  еліміздің  өркендеуінің  баспалдақтары. Сол  баспалдақтардың  мықты  болуы  біздің  бағдарлама  жеңілдіктерін  пайдаланып,  сапалы  әрі  тартымды  затты  өндіруімізден  тұратынын  ұмытпайық.   Ел  мерейін асқақтатуға  атсалысып, көрегендік  танытып,  болашаққа  бастар нұрлы  жолды  айқындап берген   елағасы, Елбасына  ұзақ   ғұмыр,  зор  денсаулық  тілеймін. Еліміз  аман  болып,  жаңа  биіктерді  бағындыра  берейік», - деп толықтырды ол.  




Яндекс.Метрика