Инфрақұрылымның дамуы

А. Сәрінжіпов: 2017 жылы 70 млрд теңгеге 67 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған

2017 жылы қосымша қаржы есебінен апатты мектептердің орнына және үш ауысымды оқытуды жою үшін 70 млрд теңгеге 67 мектептің құрылысы жоспарлануда, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Н.А.Назарбаевтың «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жолдауын жүзеге асыруға арналған Алқа отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 15:17

«Мемлекет басшысы апатты мектептер мен үшауысымды оқыту мәселесі «Нұр Отан» партиясының сайлауалды платформасының негізгі индикаторлары болып   табылатынын  атап өтті.  Соңғы 3 жылда апатты мектептердің орнына 153, үшауысымды оқытуды жою үшін 57 мектеп салынған. Ағымдағы жылдың өзінде жергілікті және республикалық бюджет есебінен 150 жаңа мектеп пайдалануға берілген. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қосымша қаражат есебінен алдағы 3 жылда апатты мектептердің орнына және үшауысымды оқытуды жою үшін жалпы сомасы 70 млрд теңгеге 67 мектептің құрылысы жоспарлануда.  Осылайша 2017 жылы біз апатты мектептер мен үшауысымды оқыту мәселесін толық шешуіміз керек», - деп түсіндірді   министр.

Соған байланысты А.Сәрінжіпов  мектепке дейінгі және орта білім департаментіне  ЖАО-мен бірге апатты мектептер мен үшауысымды оқытуды жою бойынша 2015-2017 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізімін аяқтауды тапсырды.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын барынша қысқарту бойынша шаралар қабылдансын. Бұл жұмысты ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқтау керек», - деді ҚР білім және ғылым министрі. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика