Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбе облысында ҮИИДМБ аясында жылыжай кешені ашылды

Бүгін Ақтөбе облысы әкімі А.Мұхамбетовтың қатысуымен «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешені салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе28 Қараша , 18:33

«Жалпы құны 1,5 млрд тенге болатын жылыжай кешенінің аумағы 3 га, жобалық қуаттылығы жылына 1500 тоннаға дейін көкөніс өсіруге есептелген», - делінген хабарламада.

Кешен құрылысы Мемлекеттің үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен жүргізілді.

Жоба іске қосылған соң Ақтөбе қаласы тұрғындарының маусымаралық мезгілде көкөніспен қамтамасыз етілуі 34%-дан 58 %-ға дейін артатын болады.

Осыдан соң облыс әкімі республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға аудандық және Ақтөбе қалалық ветеринариялық станцияларына арнап сатып алынған 13 арнайы автокөліктердің (ауру малды өртеп жоюға арналған) кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Бұл автокөліктер облыс елді мекендерінде ветеринариялық іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика