«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» Жолдауы – ел дамуының нақты бағдарламасы (Фото)

Мәжіліс депутаты Әмірхан Рақымжанов «Нұрлы жол» Жолдауын түсіндірудің ақпараттық-насихаттау тобының құрамында Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ақмола 28 Қараша, 17:03

«Қосшы ауылының №2 мектеп оқушыларымен Жолдау туралы әңгімелесі Елбасының жастар ел болашағы деген сөзін еске салды. Мемлекет жастар алдында барлық мүмкіндіктер мен жолдарды ашуда. «Нұрлы жол» - жастарға үлкен мүмкіндік береді», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Қосшы ауылының балабақшасын тамашалады. Онда ұжымдық мекемелер туралы әңгіме қозғалды. Балғындар өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған концерттерін ұсынды.

Топтың келесі барған нысаны лифт өндіретін зауыт болды, нысанда шағын және орта бизнесті қолдауға көрсетіліп жатқан мемлекеттік көмек жайы айтылды.

«Елбасының Жолдауы – бұл стратегиялық құжат, нақты мақсаттардың жиынтығы. Әрбір азамат егеменді елдің өсуіне өз үлесін қосуы қажет», - деді кездесуде Ә.Рақымжанов. 





Яндекс.Метрика