Инфрақұрылымның дамуы

Ақмола облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жаңа мектеп ашылды

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады Ақмола Медиа орталығы.
Ақмола 28 Қараша, 16:48

«Облыс бюджетінен құрылысқа 238 млн теңге бөлінді. Заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған мектепте 80 бала оқитын болады. Мектепте пәндік зертханалар, тілдер оқыту кабинеті, жаңа модификация кабинеттері, компьютер кластары, спорт зал мен үлкен асхана бар», - делінген хабарда. 

Жаңа екіқабатты оқу ғимараты мемлекеттік тілде оқытады. Қазіргі таңда мектепке 56 оқушы барып жүр. 

«Заман талабы мен заманауи нормаларға  сәйкес педагогтар мен оқушыларға қолайлы жағдай жасау - барлық деңгейдегі білім сапасын арттырудың негізгі талаптары.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жаңа заманауи мектептің ашылуы ауылдың барша тұрғыны үшін баға жетпес сыйға айналды», - деп атап өтті білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова. 

Мектептің ашылу салтанатына мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаныл Жонтаева, Еңбекшілдер ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Валерий Лебедев қатысты.  





Яндекс.Метрика