Адами капитал

Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің Елбасына деген құрметі жоғары - Хаяти Түфекчиұлы

Мен Қазақстан Президенті туралы көп ізденіп, өз бетімше зерттеу жасадым. Сонда байқағаным, Қазақстанда жергілікті барлық ұлт өкілдерінің Елбасына деген құрметі жоғары, деп мәлімдеді бүгін Тұңғыш Президент күніне арналған Астана әлеуметтану форумында Стамбул университеті ректорының кеңесшісі, профессор, әлеуметтану ғылымдарының докторы Хаяти Түфекчиұлы.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 14:48

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстан мемлекетін қалыптастыру мен әлемдік аренадағы бүгінгі деңгейіне жеткізудегі еңбегі ерен. Оның ядролық қарудан бас тарту, елдегі бірнеше ұлыс пен ұлт өкілдерінің арасында ұлтаралық және дінаралық келісіммен өмір сүруіне жол ашуы, Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттырып, елде саяси тұрақтылықты ұстауы, ұзақмерзімді жариялаған стратегияларын іске асыруда көрегенді шараларды қолға алуы жекелей алып қарағанда кесек-кесек ерліктер екені анық», - дейді Хаяти Түфекчиұлы.

Оның айтуынша, Қазақстанда ұлтаралық келісім орнауының үлкен дәлелі - елде қазақтармен қатар жергілікті өзге ұлт өкілдерінің де көшбасшы ретінде ол кісіге деген үлкен құрмет көрсетуі.

«Мен Қазақстан Президенті туралы көп ізденіп, өз бетімше зерттеу жасадым. Сонда байқағаным, жергілікті өзге ұлт өкілдерінің Елбасына деген құрметі жоғары. Жалпы, Қазақстанның Ұлт көшбасшысы ел ішімен қатар алыс-жақын шет елдерде де үлкен беделге ие. Оның ұстанған саясаты мен бауырлас мемлекеттермен бауырмалдықта өмір сүруі оның жеке басының ғана емес, сонымен қатар барша қазақстандықтардың өзге халықтар алдындағы беделі болып табылады. Алысқа барудың керегі жоқ, бір Түркия халықтарының өзін алып қарайтын болсақ, түріктер Нұрсұлтан Әбішұлы дегенде олардың құрметтері ерекше», - дейді.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика