Ұлтаралық бірлік

ҚР мемлекеттік хатшысы әкімдерге этносаясат саласындағы мемлекеттік орган жұмыстарын үйлестіруді тапсырды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова әкімдерге этносаясат саласындағы мемлекеттік орган жұмыстарын өңірлік деңгейде үйлестіруді тапсырды.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 13:18

«Астана мен Алматы және облыс әкімдерінен өңірлік деңгейде этносаясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру бойынша Ассамблея жауапты хатшыларының жауапкершіліктері мен рөлін арттыру шараларын қабылдауды сұраймын», - деді Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы қазіргі таңда Достастық үйлерін өңірлік Ассамблея жұмыстарын қамтамасыз ететін Астана мен Алматы және облыс әкімдіктері аппараттары жанынан қайтадан құрылған коммуналдық мемлекеттік мекемелерге беру жұмыстары аяқталғанын айтты.

Кеңейтілген отырыс барысында Г.Әбдіқалықова биылғы жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыстарына қорытынды жасап, Мемлекет басшысы тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланған 2015 жылға арналған Қазақстанның мемлекеттік этносаясатын жетілдіру мен халықтар бірлігін нығайтудың басым бағыттарын атады.

«Әлемдегі кейбір шиелінті жағдайларға деген Қазақстанның жауабы кейбір этникалық және діни мәселелерде үлкен мәнге ие. Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім бұрын да болған, қазір де мығым, алдағы уақытта да осы қалпынан таймақ емес. Бұл Қазақстан-2050 Стратегиясы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясттың басты қағидасы», - дейді мемхатшы. .

Камила Амирова




Яндекс.Метрика