Адами капитал

Астанада "Шаңырақ" Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Астана қаласы28 Қараша , 19:23

«Аталған салтанатты кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдение орталықтардың жетекшілері және танымал журналистика өкілдері қатысты. Аталған жобаға биыл республика көлемі бойынша 70 аса өтініш келіп түсті», - делінген хабарламада.

Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту.

Әділқазылар алқасы сайыста I, II, III орын алған үздіктерді 5 номинация бойынша анықтаған болатын.

«Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Татьяна Жандильдина жеңімпаз атанды. (Нағашыбай Қабылбек - 2 орын, Қыдырбек Абдрахман – 3 орын).

«Қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздердің рөлін насихаттау бағытындағы үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша  Ернұр Нұрғалиев жеңімпаз атанды (Ярослав Красиенко- 2 орын, Альфия Сабитова).

«Этномәдени орталықтар қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Гүлмира  Жандыбаева жеңімпаз атанды (Михаил  Парипса -  2 орын, Алиса  Масалева– 3 орын).

«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Малика Галиева жеңімпаз атанды (Айгуль Биданова – 2 орын, Дария Жұмадилова – 3 орын).

«Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар,  теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Нұрбек Әмиша жеңімпаз атанды (Жанар Сайлаубекқызы – 2 орын, Құрманғали Нұрғалиев – 3 орын).

 




Яндекс.Метрика