Инфрақұрылымның дамуы

ОҚО-да МӨЗ жөнделуі 2015 жылға ауыстырылды – Мырзахметов

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2015 жылға ауытырылды, деді ОКҚ брифингінде ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 12:47

«Барлық талаптардың орындалуы үшін облыста жол картасы әзірленді, оның құрамына 4 сұрақ енді.Қалғандары республикалық деңгейде орындалады. Осы 4 сұрақтың ішінде МӨЗ жөнделуін күзден  көшіру бар. Бірқатар жағдайға байланысты құрылыс 2015 жылдың көктеміне ауыстырылды», - деді әкім.

«Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 389,6 шақырым жол қамтылып, 16 көпір қалпына келтіріледі. Жалпы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 252 нысан қамтылуда.  Ғасыр жобасы аталған «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» транзиттік магистральдің 448 шақырымнан астамы біздің өңір аумағынан өтеді. Сонымен бірге, «Шымкент-Ташкент» тас жолының құрылысы да басталды. Аталған құрылыстарды 2015 жылы аяқтау жоспарланған. Осы күре жолдардың бойында қосымша бірқатар жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік нысандар пайда болады», - деді ол.

Бейнеу-Бозай-Самсоновка магистральды газ құбырына қосылатын 8 АГТС құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыс бюджетінен –  2 АГТС,  республикалық бюджеттен – 4 АГТС, «ҚазТрансГаз» мекемесі тарапынан – 2 АГТС құрылыстары басталып, оның біреуі біткен. Барлығы 284 елді мекендегі 766,5 мың халық қамтылатын болады, деп атап өтті ол.

«Жылдың қорытындысы бойынша 55 газбен жабдықтау нысанының құрылысы жүргiзiліп, 65 елді мекендегі 218 мың халық табиғи газбен қамтылғалы отыр», - деді Мырзахметов.  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 146,0 млрд. тг. құрап, 2,1% артты.

Индира Қауметова 





Яндекс.Метрика