Өңірлер

ОҚО-да 11 мың кәсіпкерге қолдау көрсетілді - әкім

Оңтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдың 10 айында 11 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 12:32

 «2014 жылдың 10 айында 11400 кәсіпкерге көмек көрсетті.  Мұндағы 7 қызмет бойынша рәсімдеу мерзімдері орта есеппен 2 есеге дейін қысқартылып отыр», - деді әкім.

Сонымен бірге, «Кәсіпкерлер мектебі» жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы барлық аудан, қалаларда типтік жобада кәсіпкерлік мектептерінің құрылысы басталды. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында ашылады.

Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 қарашаға 122,9 мың бірлікті құрап, 4,3% артқан.

«Жұмыспен қамтылғандар саны 5 мыңға артып, 281 мың адамды, шығарылған өнім көлемі  36 млрд. тг. артып, 239,3 млрд. тг. құрады», -  деп түсіндірді облыс әкімі.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика