Басқаруды орталықсыздандыру

Маңғыстау облысы әкімдігі апта сайын БАҚ брифинг өткізеді

16 қыркүйектен бастап Маңғыстау облысы әкімдігі апта сайын БАҚ брифинг өткізіп жатыр, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
Маңғыстау26 Қыркүйек , 19:13

«16 қыркүйектен бастап Маңғыстау облысы әкімдігі апта сайын облыс әкімі орынбасарлары мен мемлекеттік қызмет басшылығының қатысуымен брифинг өткізіледі. Онда маңызды әлеуметтік сұрақтар талқыланады», - делінген хабарламада.

23 қыркүйектегі кезекті брифингте журналистердің сұрағына облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев және жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Гүлмира Қалмұратова жауап берді.

Әкімнің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев хабарлағандай, 2013 жылы Маңғыстауға әлеуметтік нысандар салу үшін 25 млрд теңге шамасында қаржы бөлінген. Соның ішінде 7 млрд 500 млн теңге білім беру орындарын салуға, 4, 4 млрд теңге денсаулық сақтау нысандар құрылысына жұмсалған.

 «Өкінішке қарай, денсаулық сақтау нысандарын салуда түрлі қиындықтар кездесуде. Соның бірі 2 млрд 200 млн теңге бөлінген ана мен бала денсаулығын сақтау орталығы секілді нысандардың жобалау-сметалық сараптамасы құжаты», - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданында орталық аурухананың жобалау-сметалық құжаттарының дайындалуы күтілуде. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласында құны 400 млн теңге болатын терапевтикалық корпус құрылысының жобасы мемлекеттік сараптаудан өтіп жатыр.

Және де ауылдық дәрігерлік амбулаториясының құрылысына 1 млрд теңге бөлінгені белгілі, ал облыс бойынша оладың саны тоғыз.

Білім беру нысандарына келер болсақ, облыс көлемінде тоғыз мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның жетеуі жақын арада пайдалануға берілмек. Әкім орынбасарының айтуынша, көптен күткен Назарбаев интеллектуалды мектебі келер жылдан бастап оқушылар қабылдай бастамақ.

Сонымен қатар, «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 6 млрд 580 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Мұның 1 млрд 500 млн теңгесі Бейнеу,Қарақиян, Түпқараған, Маңғыстау аудандарындағы жалға берілетін үйлерге бөлінген.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика