Инфрақұрылымның дамуы

ОҚО-да «Балапан» бағдарламасы аясында 10 айда 107 мектепке дейiнгi мекеме ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Балапан» бағдарламасы аясында 10 айда 107 мектепке дейiнгi ұйым ашылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов ОКҚ-да мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 12:29

 «Балапан» бағдарламасы аясында 10 айда 107 мектепке дейiнгi ұйым ашылды. Оның 83-і  жекеменшік балабақша, 12  шағын орталық, яғни 95-і жекенің есебінен. Бүгінде 145 мың бала қамтылып, көрсеткіш 72,5%-ға жетті», - деп мәлім етті әкім.

Жалпы Білім саласында 115 нысанның құрылысы жүргізілуде. 29 нысан іске қосылды. Жылдың соңына дейін 11 нысан пайдалануға беріледі.

«Оның ішінде 48 апатты мектептің 32-нің, 21 үш ауысымды   мектептің 7-нің құрылысы жүргізілуде. Қалған 16 апатты, 14 үш ауысымды мектептің мәселесі 2015-2017 жылдарда толығымен шешіледі», - деп атап өтті А. Мырзахметов.

Сонымен қатар, әкім облыстың білім саласындағы кейбір жетістіктерге тоқтала кетті.  Атап айтсақ, ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы өткен жылдан көтеріліп, 74,5 құрады (2013 ж. - 72,5). «Алтын белгіге» 436 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 99 түлекке артты.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика