Ұлтаралық бірлік

Президенттің Қазақстан тарихындағы рөлі теңдессіз - Г.Әбдіқалықова (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы рөлі теңдессіз, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 12:20

«ҚР Президентінің Қазақстан тарихындағы рөлі теңдесіз.Елбасы – заманауи қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы, геосаяси және геоэкономикалық маңызды жобаның авторы, Қазақстан жолы, Н.Назарбаевтың Бейбітшілік және келісім моделі, АӨСШК, ШЫҰ, әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының Съезі, ЕҚЫҰ өкілдігі сынды жаһандық бастамалардың сәулетшісі мен бастаушысы», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, мұның барлығы жаһандық және әлемдік тенденцияларды ескерген Елбасының сарабдал және көреген саясатының арқасында жүзеге асты.

«Елбасының стратегиялық бағыты қазақстандық халық үшін өте қызықты. Ол XXI ғасырдың жағымсыз қауіп-қатерлерге төтеп беріп, әлемдік халықтың әл-ауқатын артыруға бағытталған. Бүгінде Қазақстан бірыңғай мақсатты ұстанған белесте еңбек етіп өмір сүруде. Олар Елбасы қойған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатында еңбек етуде», - деді Г.Әбдіқалықова.

ҚР Мемлекеттік хатшысы бүгін Қазақстан Республикасы тұрақталған демократиялық ел екенін атап өтті. Ол экономика нарығы мықты, азаматтық қоғамы дамыған, 100 этносты айрандай ұйытып отырған бейбітшілік пен келісімге толы мемлекет екенін айтты.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика