ҚР ИИДМБ

ОҚО-да 7 ауданның индустриалды аймақ инфрақұрылымына 1,6 млрд теңге бөлінді - әкім

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 ауданның индустриалды аймақ инфрақұрылымына 1,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 11:57

«Бүгінгі таңда индустриалды аймақ аумағында (337 га) 33 кәсіпорын жұмыс жасайды, сонымен қатар 35 жобаның құрылысы жүзеге асырылуда.  Бюджеттен бөлінген 1 млн теңгеге  11 млн теңгеге жеке инвестициялар тартылған.  Облыстың барлық аудандары мен қалаларында аймақтар ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Қазіргі таңда Түркістан қаласында индустриалды аймақ ашылды. 7 ауданның индустриалды аймағының инфрақұрылымына   1,6 млрд теңге бөлінген, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», - деді әкім.

Сонымен қатар, облыста агро-индустриалды аймақ жобасы қолға алынды. Шымкенттің қасынан 62 га. жер бөлінді. Онда әрбір кәсіпкерді орталықтандырылған инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2,9 млрд. тг. бағытталғалы отыр. Жеке инвестиция көлемі 13 млрд. тг. болады.

Сонымен қатар, 11 жоба іске асырылуда, оның 8-нің құрылысы жүргізілуде. Бұл  «KazKOREAN textile» ЖШС-нің кешенді тоқыма фабрикасы, жоба құны 10,8 млрд.тг (Корея республикасының үлесі -50%), қуаты жылына 25 мың тн. тоқыма өнімдерін шығарады; «Әлем БТ» - шұлық бұйымдарының өндірісі, жоба құны 8 млрд.тг (Корея республикасының үлесі -50%), қуаты жылына 3 млн. дана шұлық бұйымдарын шығарады. Жалпы инвестиция көлемі 148 млрд.тг. құрап отыр. Оның 75 млрд.тг. шетелдің үлесінде. Яғни бюджеттен салынған 1 теңгеге (8,5 млрд.тг.) 17,5 тг. (148,6 млрд.тг.) жеке инвестиция тартылып отыр.

 Индира Қауметова 




Яндекс.Метрика