Білім беру

Б.Сапарбаев кадр дайындау бойынша кәсіпорындармен жұмысты белсенділетуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер сұхбаты» VI халықаралық форумында БҒМ-ға кадр дайындау бойынша кәсіпорындармен жұмысты белсенділетуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 11:51

«Бүгінгі таңда ең басты  мәселелердің бірі тапшылық жоспарын анықтау болып табылады. Біз экономикаға қажет кадрларды дайындауымыз қажет, олар жұмыс берушілердің талаптарына сай келуі тиіс», - деді Б.Сапарбаев.

«Самұрық-Қазына», «ҚТЖ», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазмырыш», «Қазақмыс», «Павлодар химия зауыты» сынды ұлттық компаниялармен жұмыстары жүргізілуде.

«Олардың саны соншалықты көп емес. Сондықтан Білім және ғылым министрі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп кадр дайындау бойынша өзге компаниялармен бірігіп жұмысты жандандыру қажет», - деді ол.

Жалпы, бүгінгі таңда кадр дайындау 820 колледжде жүзеге асуда, онда 0,5 млн адам әр түрлі мамандық бойынша білім алуда.

«6 аймақ пен 10 колледж анықталды. Ол жерлерде талапқа сай кадр дайындалатын болады. Жыл сайын 20 мың мектеп түлегі, әсіресе оңтүстік аймақтық жастар жұмыссыз қалады. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде жұмыс күші жетпей жатады. Үкімет өңірлер арасында интеграция жұмыстарын жасауды қолға алуы керек», - деді Б.Сапарбаев.

Камила Амирова

 





Яндекс.Метрика