Халықаралық интеграция

ҚР Парламентшілері ҰҚШҰ ПАА іс-шараларына қатысты

Қазақстан Парламенті палаталарының төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов бүгін Санкт-Петербор қаласында өткен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының жетінші пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде 28 Қараша, 11:48

Қатысушылар 2011-2015 жылдарға арналған ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және жақындастыру жөнінде ҰҚШҰ ПАА қызметі бағдарламасын жүзеге асырудың, ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті сұрақтарын талқылап, ҰҚШҰ парламенттік өлшемдерін дамытудың болашағына қатысты пікір алмасты.

Парламент өкілдері сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пана іздеушілер мен босқындар проблемасына байланысты ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер заңдарын сәйкестендіру және аса маңызды нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы ұсыныстарға назар аударды.  





Яндекс.Метрика