Халықаралық интеграция

Қазақстан ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы қызметінің тоқтағанын жария етті

Санкт-Петербор қаласында өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастық Парламентаралық Ассамблеясының Бюро жиналысында осы құрылымның жұмысы тоқтатылғандығы жария етілді. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов ұйым жұмысын қорытындылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде 28 Қараша, 11:18

Мәжіліс Спикерінің атап өткеніндей, 2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразиялық Экономикалық қауымдастық қызметін тоқтатып, Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды.

Қабиболла Жақыпов аталған қауымдастықтың ЕАЭО қалыптастырудың негізін қалағанын алға тарта отырып, ЕАЭҚ Парламенттік ассамблеясының маңыздылығына тоқталды.

«ЕурАзЭҚ бұл жұмыста басқа басқарушы органдармен бірлесіп, Қауымдастықтың құқықтық базасын табысты қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Осы ретте Парламенттік Ассамблея құқықтық базаны, заңнамалық актілер мен ұсынымдардың үлгілік жобасын жасауға  барынша  көңіл бөлді»,-деді Қабиболла Жақыпов.  

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Парламентаралық Ассамблея жұмыс істей бастаған 13 жылдан астам уақыт ішінде Қауымдастыққа мүше-мемлекеттер парламенттерінің ұлттық-құқықтық жүйесінде кеңінен қолданылған 200-ден астам ережелер мен нормалар, нормативтік құқықтық актілер қабылданған. 

« ЕурАзЭО пен ЕурАзЭҚ ПАА біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарды»,-деп атап өтті Қ. Жақыпов .

ЕурАзЭҚ ПАА 2000-жылдан қызмет ете бастады. Қазақстан ұйымға соңғы екі мерзім қатарынан төрағалық етті. 

 

 





Яндекс.Метрика