Адами капитал

Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтті

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында партияның барлық филиалдарында «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтуде, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 14:05

«Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдаудың республикамыздың барлық өңірлерінде өтіп жатқанын атай кеткіміз келеді. Бұл күні 1000-ға жуық қазақстандықтар партия қатарына қабылданады.

Бір жыл бойы барлық республика бойынша партиялық билеттерді жаңа үлгідегіге ауыстыру үдерісінің өткенін еске салғымыз келеді. Бүгінгі күні партиялық билеттерді ауыстыру кезеңі аяқталуға жақын.

Жаңа партбилеттер пластикалық карта іспеттес болып келеді, бет жағында партиялық билеттің нөмірі, партияға өткен мерзімі көрсетілген.

 Сырт жағында партиялық билеттің штрихталған коды мен барлық республика бойынша тегін қызмет көрсететін call-center –дің телефон нөмірі (2)597850 бар. Оның сыртында «Нұр Отанның» жаңа партиялық билеттері мәліметтердің бірыңғай электрондық базасына енгізілген, бұл мәліметтерді біріздендіруге, тұрғылықты мекенжайды ауыстырғанда көшірмесін жасатпай-ақ қоюға және жалпы алғанда тіркелу мен партия мүшелерімен өзара іс-қимыл мәселесін жеңілдетеді.  

Бүгінгі күні «Нұр Отанның» Астаналық және Алматылық филиалдардан, 14 облыстық, 225 аймақтық өкілдерінен, 5600 бастауыш партия ұйымдарынан, 241 қоғамдық қабылдаулар мен «Жас Отан» жастар қанатынан тұратын тармақталаған жүйесі бар.

Айталық, Алматыда «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы барысында қазақстандық фигурист Денис Тен мен әнші Медеу Арынбаев партия қатарына өтті.

Белгілі қазақстандықтармен қатар партия қатары ұстаздар және дәрігерлермен толықты. Судай жаңа партиялықтарға билетті қалалық партия филиаланың төрағасы Ахметжан Есімов табыс етті. 

«Партия ел игілігі үшін жұмыс жасап жатқанымен жұртқа белгілі. Мен әлемнің көптеген елдерінде болдым, бізден артық елді өз басым көрмедім. Шынымды айтсам дәл біз сияқты отаншыл, әрі ынтымақшыл ел әлемде жоқ. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа данышпан саясаты үшін шексіз разымын және «Нұрлы Жол» мен «Қазақстан 2050» Стратегиясындағы мұраттарды жүзеге асыруда өзімнің пайдамды тигіземін деп үміттенемін», - деген ойымен бөлісті Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері  Денис Тен.




Яндекс.Метрика