Халықаралық интеграция

Жоғарғы Соттың және БҰҰДБ өкілдері сот жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдерімен ағымдағы және болашақтағы бірлескен іс-қимыл, соның ішінде «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» және «Сот мониторингі жүйесін жетілдіру» жобаларын іске асыруды талқылауға арналған кездесу болып өтті, деп хабарлады ведомство.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 13:05

 «Біз Қазақстандағы БҰҰДБ қызметін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы медиация институтын енгізу жобасын сәтті іске асырудағы іс-қимылын жоғары бағалаймыз. Осы жобаны іске асыру барысында сот органдарына көрсеткен сарапшылық және ұйымдастырушылық көмегі үшін БҰҰДБ мамандарына ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздерді «Сот мониторингі жүйесін жетілдіру» атты екінші жоба бойынша да бірлескен жұмыс күтіп тұр. Өз тарапымыздан аталған бағыттағы өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген қызығушылығымызды тағы бір рет атап өтеміз» - деді І.Испанов.

Кездесуге қатысушылар Жоғарғы Сот, БҰҰДБ және жоба серіктестерімен бірлесіп, 2012-2014 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» жобасын іске асырудың қорытындыларын талқылады. Медиацияны қолдану мәселелері бойынша ағымдағы жылдың наурыз және қыркүйек айларында Астана, Алматы және Ақтау қалаларында өңірлік оқу семинарлар өткізілді. Жалпы алғанда, қызметі бітімгершілік рәсімін өткізумен қатысы бар 120 судья оқытылды.  

Бұл жобаның мақсаты көрсетілетін сот қызметтерінің ашықтығы мен сапасын, судьялар мен жергілікті сот органдары басшыларының біліктілігін арттыру болып табылады. Қазақстанда сот мониторингі жүйесін жетілдіру мақсатында 2015 жылы сот процесіне қатысушылар арасында жалпыұлттық әлеуметтік сауалнама жүргізу үшін өңірлердегі сұхбат берушілерді оқыту, халықаралық мамандарды тарта отырып, судьялар үшін семинарлар өткізу көзделген. Сонымен қатар, халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерді орындауды қоса алғанда, сот өндірісі мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізу көзделуде.




Яндекс.Метрика