Халықаралық интеграция

Астанада ТМД елдерінің жастар ісіндегі ынтымақтастығы талқыланды

Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі кеңесінің кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Астана қаласы28 Қараша , 17:47

«Отырыс барысында Кеңес мүшелері 2020 жылға дейін ТМД елдерінің халықаралық жастар ынтымақтастығы Стратегиясын іске асырудың 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын және 2016-2017 жылдарға белгіленген ұқсас Жоспардың жобасына ұсынылған ұсыныстарды талқылады.  Сонымен қатар, Кеңестің мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы баяндамасы ұсынылды», - делінген хабарламада. 

Одан басқа, отырыс аясында Кеңеске қатысушылар Астана қаласы бойынша өңірлік филиал «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жұмысымен танысып, жастар кәсіпкерлігін қолдау механизмін талқылады.   

 

 




Яндекс.Метрика