Білім беру

Астанада ТжКБ жүйесіне үлес қосқан үздік жұмыс беруші әріптестер марапатталады

Астанада өтетін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VI халықаралық форум аясында ТжКБ жүйесіндегі үздік серіктестер мен жұмыс берушілерді марапаттайды.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 10:17

Форум Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмалары аясында әрі қарай саяси-экономикалық саясатты анықтауға бағытталған.

Форум шеңберінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне үлес қосқан үздік жұмыс беруші әріптестерді марапаттау рәсімі өткізіледі.

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, аталмыш форум халықаралық дәрежедегі диалогтік алаңға айналады. Алаңда Еуропа мен Азия елдерінің халықаралық ұйымдары Қазақстан экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, форум аясында ТжКБ  мен компаниялар өздерінің соңғы инновациялық қондырғыларын таныстыратын көрме өткізіледі.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика