Мәдениетті жаңғырту

Күй мен киіз үй адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілді

Қазақтың домбырада күй ойнау өнері, қазақ пен қырғыздардың киіз үй тігу қабілеттері адамзаттың материалдық мәдени мұрасы тізіміне енгізілді.
Әлемде28 Қараша , 17:32

ҚР мәдениет және спорт Министрлігінде хабарлағандай, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраны қорғау жөніндегі Комитеттің жұмыс сессиясы барысында адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі бұйымдар тізіміне жаңа он элемент енгізілді, оның ішінде дәстүрлі қазақ күйін домбырада орындау өнері мен қазақ және қырғыз киіз үйлерін дайындаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. 

Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Комитет отырысы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өтті. Адамзаттың  материалдық емес мәдени құндылықтар мұрасының көрнекі бұйымдар тізімі материалдық емес мұраның әртүрлілігін білдіретін және  барлық адамзат үшін  оның маңыздылығын білдіруге ықпал ететін элементтер кіреді. 

Қазақ күйі домбырада орындалатын соло түріндегі аспаптық пьеса. Күйдің мақсаты классикалық шығармалар мен суырып салма шығармалар орындау арқылы халық пен олардың  тарихи тамыры және дәстүрлері арасында  байланыс орнату. 

Киіз үй Қазақстан мен Қырғызстанның көшпелі халқының арасында тараған көшпелі халықтың баспанасын білдіреді.  Киіз үйдің ағаш керегелеріне уық байланып, ол шаңыраққа бекітіледі, сырты киізбен жамылады.   




Яндекс.Метрика