Адами капитал

Астанада еңбек көші-қонының үдерісі талқыланды

Астанада еңбек көші-қоны процесінің құқықтық аспектілері, мониторинг және шетелдік еңбек күшін жалдау бойынша семинар өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 10:48

Аталмыш шараны ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бағдарламасы Министрлігі Астанадағы ЕЫҚҰ Орталығымен және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен (КХҰ) бірге  ұйымдастырды.

Министрлікте атап өткендей, бүгінгі таңда әлемдегі көптеген елдерде еңбек көші-қонын реттеу мәселесі бірінші орынға шығуда.  Осыған байланысты мемлекет жұмыс күшін жеткізуші және тартушы ретінде аталмыш процестерді реттеу қажеттігімен бетпе-бет келіп отыр, себебі басқарылмайтын еңбек көші-қоны кез келген мемлекет дамуындағы күрделі мәселелердің біріне айналуда.

Шаралар барысында қатысушылар еңбек көші-қоны мен жұмыс күшін жалдау, еңбек көші-қонын басқарудағы заманауи көзқарас, сондай-ақ жалдау саясаты, еңбекке орналастыру стандарттары мен қағидалары мәселелерін талқылады. 

ЕЫҚҰ төрағалары еңбек көші-қонын басқарудың заманауи жүйесіне шолу  жасады, сондай-ақ қатысушыларды еңбек көші-қоны саласындағы Еуроодақ, Ұлыбритания мен Канада заңнамасымен таныстырды.  




Яндекс.Метрика