Адам капиталын дамыту

ҚР-ның жетекші кардиохирургы ШҚО-да шеберлік сыныптарын өткізуде

Шығыс Қазақстан облысының ауруханасында кардиохирургиялық бөлімшенің ашылуы аясында жетекші қазақстандық кардиохирург, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық оратлығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пя жүрек құлақшаларын ауыстырып салу бойынша 3 көрсетілім отасын жасады.
Шығыс Қазақстан28 Қараша , 19:06

Ақпарат орталығынан хабарлағандай, көрнекті кардиохирургтің шебер-кластары Шығыс Қазақстан облысы ауруханасының мамандарына жоғары мамандандырылған медициналық көмекті меңгеруде маңызды көмек болып табылады.

ШҚО тұрғындары үшін Кардиохирургиялық бөлімшенің ашылуы мен озық хирургтердің тәжірибесі өмірге деген үміттерін арттырып, оның сапасын арттыруға мүмкіндіктер ашады. Бөлімшенің ашылуы мен шебер кластың өткізілуі Қазақстан Республикасы Түңғыш Президенті күніне орайластырылған. 

«Соңғы бірнеше жылда осы ауруханада 3 жаңа бөлімше ашылды: кардиохирурия, тамырлы хирургия және кардиореанимация.  Бұл қаржылық және мамандарды дайындау тарапынан үлкен шығындар. Әдетте оған орташа есепте 10 жыл кетеді. Сондықтан оның осында болғаны өте керемет. Оның үстіне бүгінгі оталар осы аурухананың дәрігерлерімен жасалады деп ойлаймын, біздің команда тек мәселеге жетекшілік етеді», - деді Юрий Пя.

 




Яндекс.Метрика